Esil University студенттері жобаларды басқару бойынша ұйымдастырылған «PM Student Hackathon 2026» студенттік хакатонына қатысты. Іс-шара жобалық басқару, командалық жұмыс және тәжірибелік шешімдер әзірлеу дағдыларын дамытуға қызығушылық танытқан қатысушыларды біріктірді.
Хакатон аясында студенттер жобалық тапсырмаларды орындап, идеялар әзірледі, команда мүшелері арасында міндеттерді бөлісіп, өз жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Жоспарлау, тиімді өзара іс-қимыл және басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Esil University атынан Е. Икрамов (ВТиПО-26/23Р), Д. Сейтжан (ВТиПО-25/1Р), С. Сагитов (ВТиПО-25/1Р), С. Турабаев (ВТиПО-26/23Р), А. Зарлыков (АЖ-24/23Қ) және Н. Сайқали (АТДҚ-25/1Қ) қатысты.
Хакатонға қатысу теориялық білімді тәжірибеде бекітуге, кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға, командалық өзара әрекеттесу және жобаларды көпшілік алдында таныстыру дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Esil University студенттерге белсенді қатысқаны және университет намысын лайықты қорғағаны үшін алғыс білдіреді.




