Негізгі мазмұнға өту
*Талапкерлерге

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) — жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. ҰБТ өткізу пункттерінде тестілеу түрінде өткізіледі.

Өткізу нысаны

5 пән бойынша тестілеу: 3 міндетті және 2 бейіндік.

240тестілеуге минут (4 сағат)

*Қатысушылар

ҰБТ кімдер үшін өткізіледі

  • 11(12) сынып түлектері

    Орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары — қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде қабылдану үшін.

    ақылы оқуға
  • Ағымдағы жыл түлектері

    Ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының түлектері — республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде қабылдану үшін.

    грантқаақылы оқуға
  • Өткен жылдардағы және ТжКБ түлектері

    Өткен жылдардағы, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім түлектері — грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде қабылдану үшін.

    грантқаақылы оқуға
  • Қысқартылған оқу мерзімі

    Қысқартылған оқу мерзімімен жоғары білім бағдарламаларына түсетін ТжКБ немесе орта білімнен кейінгі білім түлектері — қалауы бойынша грант конкурсына қатыса алады.

    грантқа
  • Халықаралық алмасу және шетелдік түлектер

    Шетелде оқушылардың халықаралық алмасу бағдарламасы бойынша оқыған түлектер, сондай-ақ шетелдегі оқу орындарын бітірген, ҚР азаматы емес қазақ ұлтының өкілдері — грант алу немесе ақылы негізде қабылдану үшін.

    грантқаақылы оқуға
  • Ақылы негізде қабылдану үшін қайта тапсыру

    Шекті балл жинамаған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін немесе нәтижелері жойылған, ақылы негізде күндізгі оқуға қабылданғандар — күнтізбелік жылда ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін.

    ақылы оқуға
  • Шығармашылық бағдарламаларға ауысу

    Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша оқитын, басқа бағдарлама топтарына ауысқысы келетін ЖОО студенттері.

*Өткізу тәртібі

Тестілеуді ұйымдастыру

Өткізу орныҰБТ өткізу пункттері.
ТөлемТестілеу ақылы. Төлем онлайн-өтініш беру кезінде банк картасымен немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі.
АпелляцияТестілеу нәтижелері бойынша апелляция рәсімі қарастырылған.

Пайдалы сілтемелер