Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша дәріс өтті

Esil University-де терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша дәріс өтті

Esil University-де «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Террористік қауіп-қатерлер кезіндегі іс-қимылдар және сватинг» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық дәріс өтті. Іс-шараға Тур-24/1Р, Тур-25/13Р және Тур-26/22Р топтарының студенттері қатысты.

Дәрісті И. Қуатбекұлы өткізіп, студенттерді террористік қауіп-қатерлер туындаған жағдайда сақталуы тиіс негізгі мінез-құлық ережелерімен, жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларымен, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерімен таныстырды.

Дәріс барысында сватинг мәселесіне ерекше назар аударылды. Сватинг — шұғыл қызметтерді белгілі бір мекенжайға шақыру мақсатында қауіп туралы көрінеу жалған хабарлама беру. Кездесу барысында мұндай әрекеттердің ықтимал салдары, құқықтық жауапкершілік мәселелері және қауіпті жағдайлардың алдын алу шаралары қарастырылды.

Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және жауапты мінез-құлық қалыптастыруға ықпал етеді. Болашақ туризм саласының мамандары үшін бұл білімнің маңызы зор, өйткені туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет ету кәсіби қызметтің маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →