Бос лауазымдарға
орналасу конкурсы (ПОҚ)
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Университет Жарғысына сәйкес «Esil University» Мекемесі профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсын жариялайды.
30бос бірлік
8университет кафедрасы
25.11.2026құжат қабылдау — 18:00-ге дейін
*1-бөлім
Бос лауазымдар тізбесі
Бос орындар кафедралар бойынша топтастырылған: лауазым, бірлік саны және кандидаттарға қойылатын талаптар.
I«Құқық» кафедрасы · 2 бірлік
Профессор · 1 бірлікТалаптар: «Құқық» даярлау бағыты бойынша ғылым докторы / кандидаты, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі; «профессор» ғылыми атағы; ғылыми және ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; ғылыми еңбектер, оқу-әдістемелік әзірлемелер және кәсіби қызметтегі жетістіктер.
Аға оқытушы · 1 бірлікТалаптар: «Құқық» даярлау бағыты бойынша магистр дәрежесі; ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе «Құқықтану» мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
II«Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасы · 14 бірлік
Қауымдастырылған профессор (доцент) · 4 бірлікТалаптар: «Ақпараттық технологиялар және жүйелер» даярлау бағыты бойынша ғылым докторы / кандидаты, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі; қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы; ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; ғылыми жарияланымдар.
Аға оқытушы · 6 бірлікТалаптар: философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің болуы немесе «Ақпараттық технологиялар және жүйелер» даярлау бағыты бойынша магистр дәрежесі; ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Оқытушы · 4 бірлікТалаптар: жоғары білім және (немесе) «Информатика» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім — ғылыми-педагогикалық магистратура.
III«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы · 2 бірлік
Аға оқытушы · 1 бірлікТалаптар: «Философия» / «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы немесе басқа тиісті даярлау бағыты бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесі; ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Оқытушы · 1 бірлікТалаптар: жоғары білім; шетел тілі педагогтерін даярлау бойынша педагогика ғылымдарының магистрі немесе «Шетел филологиясы» бағыты бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесі.
IV«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасы · 1 бірлік
Аға оқытушы · 1 бірлікТалаптар: «Әлеуметтік жұмыс» даярлау бағыты бойынша магистр дәрежесі; ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
V«Есеп және аудит» кафедрасы · 2 бірлік
Қауымдастырылған профессор (доцент) · 1 бірлікТалаптар: «Статистика» даярлау бағыты бойынша экономика ғылымдарының докторы / кандидаты, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі; қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы; ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; ғылыми жарияланымдар.
Оқытушы · 1 бірлікТалаптар: жоғары білім және (немесе) «Математика және статистика» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім — ғылыми-педагогикалық магистратура.
VI«Қаржы» кафедрасы · 2 бірлік
Профессор · 1 бірлікТалаптар: «Қаржы» даярлау бағыты бойынша ғылым докторы / кандидаты, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі; «профессор» ғылыми атағы; ғылыми және ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; ғылыми еңбектер, оқу-әдістемелік әзірлемелер және кәсіби қызметтегі жетістіктер.
Оқытушы · 1 бірлікТалаптар: жоғары білім және (немесе) «Қаржы» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім — ғылыми-педагогикалық магистратура.
VII«Экономика және маркетинг» кафедрасы · 3 бірлік
Аға оқытушы · 2 бірлікБөлінісі: «Экономика» — 1; «Әлемдік экономика» — 1. Талаптар: көрсетілген даярлау бағыты бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі; ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Оқытушы · 1 бірлікТалаптар: жоғары білім және (немесе) «Digital маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім — ғылыми-педагогикалық магистратура.
VIII«Менеджмент» кафедрасы · 4 бірлік
Қауымдастырылған профессор (доцент) · 1 бірлікТалаптар: «Менеджмент» даярлау бағыты бойынша ғылым докторы / кандидаты, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі; қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы; ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; ғылыми жарияланымдар.
Аға оқытушы · 3 бірлікТалаптар: «Мемлекеттік және жергілікті басқару» даярлау бағыты бойынша магистр дәрежесі; ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
*2-бөлім
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар
01Университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш — кафедра мен лауазымды көрсете отырып.
02Түйіндеме (CV).
03Білім туралы құжаттардың көшірмелері: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдар қосымшаларымен, ғылыми дәреже мен ғылыми атақ туралы құжаттар (бар болса).
04Еңбек қызметі мен жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса).
05Ғалым хатшы куәландырған ғылыми еңбектер мен оқу-әдістемелік жұмыстар тізімі (бар болса).
06Біліктілікті арттыруды, тағылымдамадан өтуді, сертификаттардың болуын растайтын құжаттар (бар болса).
07Кәсіби жетістіктерді, ғылыми және педагогикалық қызмет нәтижелерін, сондай-ақ тиісті бағыт бойынша білім беру бағдарламасының немесе кафедраның даму көзқарасын көрсететін презентация (электрондық түрде).
08Жеке басын куәландыратын құжат — құжат тапсыру кезінде жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады; көшірмесі талап етілмейді.
09Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін, тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алу мәліметтерінің бар-жоғы туралы анықтама.
10Конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша.
11Конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы — № 272 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша.
12Кандидат өз біліктілігі мен кәсіби жетістіктерін растау үшін ұсынуды қажет деп санайтын өзге де құжаттар.
*3-бөлім
Құжат қабылдау мерзімі мен тәртібі
Құжат қабылдаудың аяқталуы
2026 жылғы 25 қараша, сағат 18:00-ге дейін.
Құжаттарды қайда тапсыру керек
Құжаттар университет мекенжайы бойынша қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефондар мен пошта арқылы хабарласыңыз.
Мекенжай
Астана қаласы, Ахмет Жұбанов көшесі, 7-ғимарат.
→Телефондар
725408 (іш. 160) — анықтама телефоны · +7 (701) 522 95 18 · +7 (775) 357 37 58
→nurtazanova.l@esil.edu.kz
→Бірінші проректор — академиялық мәселелер жөніндегі проректор С. Мақыш · Персоналды басқару бөлімінің бастығы Л. Нұртазанова
