Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәріс өтті

Esil University-де терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәріс өтті

Esil University-де студенттер мен университет қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған «Террористік қауіп-қатерлер кезіндегі іс-қимылдар және сватинг» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті. Іс-шараның спикері ретінде ішкі істер органдарының өкілі, полиция капитаны Ибрагим Қуатбекұлы сөз сөйледі.

Дәріс барысында террористік қауіп-қатерлер туындаған кездегі негізгі мінез-құлық ережелері, эвакуация кезіндегі іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ күдікті заттар анықталған жағдайда сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары қарастырылды. Телефон байланысы және электрондық пошта арқылы келіп түсетін қауіп-қатерлерге әрекет ету алгоритмдеріне және тиісті қызметтерді уақтылы хабардар етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Талқылаудың жеке тақырыбы сватинг ұғымы — қауіпсіздікке қатер төнгені туралы көрінеу жалған хабарлама беру арқылы шұғыл қызметтерді шақыру болды. Спикер мұндай әрекеттердің ықтимал салдарын, олардың білім беру ұйымдарының қызметіне әсерін, сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті түсіндірді.

Іс-шара білім алушылар мен университет қызметкерлерінің терроризмге қарсы қауіпсіздік саласындағы білім деңгейін арттыруға, ықтимал қауіп-қатерлерге дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және білім беру ортасындағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етті.

Esil University-де терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәріс өтті
Esil University-де терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәріс өтті
Esil University-де терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәріс өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →