Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жағдайларын қалай жақсартуға болады? Ғылыми конкурстардың ережелеріне қандай өзгерістер енгізу қажет? Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге қандай кедергілер бар?
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылды. Ғалымдар мен тәжірибелі мамандарды отандық ғылымды дамыту және заңнаманы жетілдіру үшін өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты шешімдер ұсынуға шақырамыз.
Ұсыныстар ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру, зертханаларды жабдықтау, ғылыми кадрларды даярлау және қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және өндіріске енгізу мәселелеріне қатысты болуы мүмкін.
Ұсынысты қалай дайындау керек. Өз тәжірибеңізден мысал келтіре отырып, мәселені сипаттаңыз. Оның зерттеушілердің жұмысына қалай әсер ететінін, нақты нені өзгертуді ұсынатыныңызды және қандай нәтиже күтетіндігіңізді көрсетіңіз. Егер мәселені шешу заңнамаға түзетулер енгізуді талап етсе, қандай ережелерді қайта қарау қажеттігін көрсетіңіз.
Ұсынысты қайда жолдау керек. Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтында «Қызметі» → «Сарапшылық кеңестер» бөлімін ашып, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдаңыз.

