Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «BUDGET MANAGEMENT BATTLE: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС» зияткерлік-іскерлік байқауы өтті

Esil University-де «BUDGET MANAGEMENT BATTLE: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС» зияткерлік-іскерлік байқауы өтті

Esil University-де «Менеджмент» кафедрасының апталығы аясында «BUDGET MANAGEMENT BATTLE: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС» зияткерлік-іскерлік байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараға «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының екінші курс студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты – студенттердің бюджеттік басқару, мемлекеттік қаржы және бизнес салаларындағы білімдерін тереңдету, қаржылық сауаттылығын арттыру, аналитикалық ойлау қабілетін және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту.

Байқау барысында қатысушылар командалық жұмыс дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін, сыни ойлау қабілетін және өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғау шеберлігін көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша үздік командалар мен белсенді студенттер дипломдармен марапатталды.

Байқау теориялық білімді тәжірибеде бекітуге, кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға және студенттердің мемлекеттік және корпоративтік басқару саласындағы заманауи тәсілдерге қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Esil University-де «BUDGET MANAGEMENT BATTLE: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС» зияткерлік-іскерлік байқауы өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →