Негізгі мазмұнға өту
*Университет туралы

Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес университетті басқарудың алқалы органы болып табылады.

Бурганова Роза Ильдаровна
Ғылыми хатшыБурганова Роза ИльдаровнаПедагогика ғылымдарының кандидаты, доцент+7 7172 72 54 01, іш. 174
ТөрағаТаубаев Аяпберген АлданаевичУниверситет ректоры, э.ғ.д., профессор
ОтырыстарАйына кемінде бір ретОқу жылына бекітілген жоспар бойынша

Кеңес туралы

Ғылыми кеңес университетті басқарудың алқалы органы болып табылады. Ғылыми кеңестің қызметі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру, сондай-ақ студенттер арасында тәрбие жұмысын және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілікті арттыру жұмысын жүргізу жөніндегі өз құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.

Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты – университетті дамытудың басымдықтары мен қағидаттарын әзірлеу, түлектерді сапалы дайындау, материалдық ресурстар мен қызметкерлердің біліктілігін сақтау және арттыру, ұжымның тиімді қызметі үшін заңнамалық тетік құру болып табылады.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Esil University Жарғысын, сондай-ақ жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің Үлгілік қағидаларын басшылыққа алады.

Университеттің Ғылыми кеңесінің қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді жариялылық және ұжымдық талқылау қағидаттарына негізделеді.

Ғылыми кеңестің отырыстары тиісті оқу жылына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өткізіледі.

Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері

01Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын табысты іске асыру үшін Университеттің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамына қажетті жағдайлар жасау
02Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру және халықаралық стандарттарына сәйкес мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету
03Университеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту
04Университеттің одан әрі дамуына жәрдемдесу

Ғылыми кеңестің негізгі функциялары

  1. 01Жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын айқындау
  2. 02Университеттің даму саясаты мен мақсаттарын бекіту
  3. 03Университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  4. 04Университеттің құрылымын, оның штаттық кестесін бекіту
  5. 05Жоғары оқу орнының оқу және ғылыми бөлімшелерін (зертханалар, кафедралар, факультеттер, орталықтар және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату
  6. 06Ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызметті жүргізу нысандары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау
Барлық 14 функцияны көрсетуТізімді жию
  1. 07Білім беру қызметінің жаңа бағыттарын ашу туралы шешім
  2. 08Оқулықтарды, оқу құралдарын және оқу-әдістемелік әзірлемелерді қарау және баспаға ұсыну
  3. 09Студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына ауыстыру, оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру туралы шешім қабылдау
  4. 10Магистранттар мен докторанттарға ғылыми зерттеу тақырыптарын бекіту және ғылыми жетекші-кеңесшілерді тағайындау
  5. 11Жұмыс оқу жоспарын, академиялық күнтізбелерді, оқу үдерісінің кестесін бекіту және оларға өзгерістер енгізу
  6. 12Жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру
  7. 13Жоғары оқу орны қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкіметтік марапаттарға, құрметті атақтарға, ғылыми атақтарға ұсыну мәселелерін қарау
  8. 14Жоғары оқу орнының ағымдағы қызметінің алқалы шешімді талап ететін өзге де мәселелерін қарау