Шетелдік талапкерлерге
Esil University-ге қалай оқуға түсу, виза немесе уақытша тұруға рұқсат (УТР) ресімдеу, Астанада қайда тұру және келгеннен кейін кім көмектесетіні — қадам-қадаммен.
Study in Kazakhstan
Шетелдік талапкерлерге арналған Қазақстанның жоғары білімі туралы бірыңғай ақпараттық платформа — ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығынан. Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз немесе сайтты ашыңыз.
studyinkz.kz сайтына өту →Қалай оқуға түсуге болады: бес қадам
Бағдарламаны таңдаңыз
Бакалавриат, магистратура, PhD докторантурасы немесе бизнес-мектептің MBA, EMBA және DBA бағдарламалары.
Өтініш беріңіз
Онлайн — сайттағы форма арқылы немесе Platonus жүйесінде. Содан кейін өтінішті қабылдау комиссиясында құжаттардың түпнұсқаларымен өзіңіз келіп растауыңыз керек: келмесеңіз, өтініш қаралмайды.
Әңгімелесуден өтіңіз
Шетел азаматтары ақылы оқуға әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады. Қабылдау комиссиясы оны күнтізбелік жыл бойы өткізеді.
Шарт және оқуға қабылдау
Оқу — шарт негізінде. Оқуға қабылдау академиялық күнтізбе бойынша, келесі академиялық кезең басталардан 5 күн бұрын жүргізіледі.
Дипломды тану
Шетелдік білім туралы құжат оқуға қабылданғаннан кейін — бірінші академиялық кезең ішінде тану (нострификация) рәсімінен өтеді. Қыркүйекте университет құжаттарды қалай тапсыру керектігі бойынша кеңес береді.
Виза және уақытша тұруға рұқсат (УТР)
- Елге кірген бойда
Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарлаңыз: төлқұжатыңыздың фотосуретін және Астанада тұратын мекенжайыңызды жіберіңіз.
- 3 күн
Сіз хабарлаған сәттен бастап сізді көші-қон жүйесінде тіркеуге осынша уақыт беріледі.
- Белгіленген мерзімде
Виза немесе УТР үшін құжаттарды жинап, 219-кабинетке тапсырыңыз.
C9 студенттік визасы
1 оқу жылына беріледі.
- Шетелдік төлқұжат және оның көшірмесі
- Визалық сауалнама — 219-кабинетте беріледі
- Ақ фондағы 3×4 фотосурет
- ЖОО шақыруы: оқуға қабылдау туралы бұйрық немесе ресми шақыру хаты
- Виза төлемі — 30 АЕК
- Этникалық қазақтар үшін — Консулдық қызметте расталған елшілік анықтамасы (Қабанбай батыр даңғылы, 28)
- Дактилоскопия туралы анықтама, түпнұсқа — Иманбаев көшесі, 16А
УТР — уақытша тұруға рұқсат
1 оқу жылына беріледі.
- Университеттің өтінішхаты
- Оқу мерзімі көрсетілген оқуға қабылдау туралы бұйрық (немесе оқу орнынан анықтама)
- Тұрғын үй иесінің нотариат куәландырған келісімі — жатақханада тұрмасаңыз
- Дактилоскопия туралы анықтама — Иманбаев көшесі, 16А
- Төлқұжат, түпнұсқа
- ЖСН куәлігі
- Кемінде 1 жылға медициналық сақтандыру
- Қолданыстағы УТР, бар болса
Кешікпеңіз
Виза немесе УТР уақытында ресімделмесе, бұл — көші-қон заңнамасын бұзу: айыппұл, депортация, елге кіруге және тұруға ықтиярхат алуға шектеулер, университеттен шығарылу. Елге кіргені туралы 3 күн ішінде хабарланбаса, қабылдаушы тарапқа 10–20 АЕК айыппұл салынады.
Тұруға ықтиярхат
Тұруға ықтиярхат болса, виза немесе УТР мерзімін жыл сайын ұзартудың қажеті жоқ, ал бүкіл оқу кезеңінде құжаттарды ресімдеу жеңілдейді.
Студенттер үйі
Шетелдік студенттер келген соң жатақханаға орналастырылады, комендант тұру ережелерімен таныстырады. Орналасуға өтінім онлайн беріледі.
Майқайың, 2
3 адамдық бөлмелер, әрқайсысында душ және дәретхана бар.
+7 775 863 86 20Арғанаты, 7
4–6 адамдық бөлмелер, әрқайсысында душ, дәретхана, ас үй аймағы және тоңазытқыш бар.
+7 778 941 00 65Келгеннен кейін кім көмектеседі
Кездесулер мен чаттар
WELCOME орталығында шетелдік студенттермен кездесулер және шетелдік студенттерге арналған чаттар.
Көші-қон есебі
Қазақстанда болу ережелері бойынша нұсқама және визаны ұзарту мерзімдерін бақылау.
Нострификация
Қыркүйекте — дипломды тануға құжаттарды қалай тапсыру керектігі бойынша кеңестер.
Топтағы тәлімгер
Әр топқа шетелдік студенттерге көмектесетін тәлімгер тағайындалады.
Психолог және медпункт
Психологиялық қолдау, университет медпунктінің көмегі және емханаға ертіп бару.
Мәдениет және спорт
Студенттер елдерінің мәдениет күндері, елшіліктермен кездесулер, университеттегі спорт және бос уақыт іс-шаралары.
Халықаралық офис
219-кабинет · Дүйсенбі–жұма 9:00–18:00, түскі үзіліс 13:00–14:00
+7 (7172) 27-85-71, ішкі 161
international@esil.edu.kz
Бөлім басшысы — Эльмира Заданова
Қабылдау комиссиясы
+7 708 227 01 01
+7 (7172) 72 57 77
info@esil.edu.kz
WhatsApp: +7 708 017 31 73
Астана, А. Жұбанов көшесі, 7
№ 19, 20, 24, 33 автобустар — «Жар-Жар» және «Янушкевич» аялдамалары.
