Болашақ талапкерлерді тарту және жоғары білімді насихаттау жұмыстарын жалғастыра отырып, Esil University Ақмола облысындағы кәсіби бағдар беру іс-шараларының географиясын кеңейтуде.
2026 жылғы 16–19 қараша аралығында университет өкілдері — кәсіби бағдар беру жұмысы бөлімінің бастығы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Аханов Берік Өтелбайұлы және ғылыми кітапхана директоры Мұстафина Сайран Елубайқызы Ақмола облысының Шортанды ауданындағы білім беру мекемелерінде бірқатар кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді.
Сапар аясында университет өкілдері келесі білім беру ұйымдарына барды:
- «Шортанды кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
- «Шортанды кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
- «Шортанды кентінің № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
- «Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
- «Дамса ауылының В. П. Кузьмин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
- «Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
- «Степное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Кездесулер барысында оқушылар Esil University, оның білім беру бағдарламалары, даярлау бағыттары және оқу артықшылықтары туралы кеңірек ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Университет өкілдері оқуға түсу шарттары, қабылдау науқанының ерекшеліктері, сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері, сондай-ақ түлектердің кәсіби қалыптасуы мен мансаптық өсу перспективалары туралы жан-жақты баяндады.
Болашақ талапкерлермен тікелей қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударылды. Бітіруші сынып оқушылары ұсынылған ақпаратқа қызығушылық танытып, білім беру бағдарламаларын таңдау, оқуға түсу тәртібі, студенттік өмір және университетті аяқтағаннан кейінгі мүмкіндіктер туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.
Мұндай кездесулер Esil University-дің кәсіби бағдар беру қызметінің маңызды бөлігі болып табылады, өйткені олар жастарға жоғары білім туралы сенімді ақпарат алуға, университеттің мүмкіндіктерімен танысуға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі.










