Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері DECENTRATHON 6.0 халықаралық хакатонына қатысты

Esil University студенттері DECENTRATHON 6.0 халықаралық хакатонына қатысты

Esil University студенттері Көкшетау және Қарағанды қалаларында өткен «DECENTRATHON 6.0» халықаралық хакатонына қатысты. Іс-шара цифрлық технологияларды дамытуға, инновациялық шешімдер әзірлеуге және тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге қызығушылық танытқан қатысушыларды біріктірді.

Көкшетау қаласында университет атынан ИС-25/1 тобының студенті А. Колпенова қатысты. Қарағанды қаласында АТДҚ-25/1 тобының студенттері Н. Сайқали, Д. Жолмуханбетов, И. Базарбай және Н. Керимтаев хакатонға қатысты.

Хакатон аясында қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, командалық жұмыс, жобалық ойлау және цифрлық шешімдерді таныстыру дағдыларын көрсетуге, сондай-ақ басқа оқу орындарының өкілдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Осындай іс-шараларға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, тәжірибелік білімдерін кеңейтуге және инновациялық қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Esil University қатысушыларға белсенділігі және университет намысын лайықты қорғағаны үшін алғыс білдіреді.

Esil University студенттері DECENTRATHON 6.0 халықаралық хакатонына қатысты
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →