Esil University студенттері жасанды интеллект саласындағы командалық IT-жобаларға арналған «AI Autumn» байқауына қатысты. Іс-шара цифрлық технологияларды, бағдарламалауды және жасанды интеллектті дамытуға қызығушылық танытқан қатысушыларды біріктірді.
Байқау аясында студенттер өз жобаларын таныстырып, бағдарламалық әзірлеу, командалық жұмыс және заманауи IT-шешімдерді қолдану бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Esil University атынан ақпараттық технологиялар және цифрлық модельдеу саласындағы білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша А.З. Абдрахманованың жетекшілігімен Esil University командасы жүлделі III орынға ие болды. Команда құрамына Е. Байгарин (ИТЗД-24/1, кураторы Б.Х. Жанбусинова), А. Кокиш (ИС-26/23, кураторы Ұ.Д. Несіпбай) және А. Мансуров (Б-ДМ-24/23) кірді.
Байқауға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, командалық әзірлеу дағдыларын жетілдіруге және жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасуға ықпал етті. Esil University жүлдегерлерді құттықтап, инновациялық жобаларды жүзеге асыруда алдағы уақытта да табыс тілейді.






