Esil University-де «Маркетинг» білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған «Ғылыми және оқу жұмыстарында дұрыс дәйексөз келтіру және оларды рәсімдеу» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараны «Экономика және маркетинг» кафедрасының профессоры Г. Укубасова өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар ғылыми дереккөздерге сілтеме жасау, мәтін ішіндегі сілтемелерді рәсімдеу және пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрастырудың негізгі ережелерімен танысты. Ғылыми мәтіндерді дұрыс парафраздау, жиі кездесетін қателерді болдырмау және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар ғылыми қызметте жасанды интеллектіні этикалық тұрғыдан пайдалану мәселесі талқыланды. Магистранттарға нейрожелілер арқылы алынған ақпаратты сенімді ғылыми дереккөздер негізінде тексеру және зерттеу жұмыстарында ЖИ қолданылғанын көрсету ережелері түсіндірілді.
Вебинар қорытындысы бойынша қатысушылар ғылыми жұмыстарды дайындау және рәсімдеу жөнінде практикалық ұсыныстар алды. Іс-шара зерттеу дағдыларын дамытуға және академиялық адалдық мәдениетін нығайтуға ықпал етті.

.png&w=1080&q=75)
.png&w=1080&q=75)