Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University мен Anadolu University халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады

Esil University мен Anadolu University халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады

Esil University-де Anadolu University (Түркия Республикасы) өкілдері Emel Akay және Dilek Öztürk, сондай-ақ Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және университеттер арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға бағытталды.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуді және қашықтан білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасу мәселелерін талқылады. Бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға және оқытудың заманауи форматтарын енгізуге ерекше назар аударылды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Esil University студенттерінің Anadolu University білім беру платформасында түрік тілін екі жылдық онлайн курс арқылы тегін меңгеру мүмкіндігі болды. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттерге курсты меңгергенін растайтын ресми сертификат беру қарастырылған.

Esil University мен Anadolu University арасындағы ынтымақтастықты дамыту халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге, студенттердің тілдік құзыреттерін жетілдіруге және Қазақстан мен Түркия арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Жоспарланған бастамаларды іске асыру жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер жасайды.

Esil University мен Anadolu University халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
Esil University мен Anadolu University халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
Esil University мен Anadolu University халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →