Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University ұжымы мен студенттері Президент Жолдауын тыңдады

Esil University ұжымы мен студенттері Президент Жолдауын тыңдады

Esil University-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ұжымдық тыңдау ұйымдастырылды. Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Мемлекет басшысы Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, экономиканы нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, заманауи технологияларды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің маңызы атап өтілді.

Жолдауда көтерілген мәселелер жоғары білім беру саласымен тығыз байланысты. Бәсекеге қабілетті экономика мен технологиялық дамудың негізін білікті мамандар, сапалы білім және ғылыми ізденістер құрайды. Осы тұрғыдан университеттердің кәсіби құзыреттері қалыптасқан, жаңашылдыққа бейім әрі жауапкершілігі жоғары мамандар даярлаудағы рөлі ерекше.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →