Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Академиялық адалдық: жеке таңдау ма, әлде әр студенттің міндеті ме?

Академиялық адалдық: жеке таңдау ма, әлде әр студенттің міндеті ме?

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының оқытушылары Г.Х. Жакупова, Е.В. Саввин және А.Б. Манабаев Б-ӘЖ 24/1 Қ тобының студенттеріне «Академиялық адалдық: жеке таңдау ма, әлде әр студенттің міндеті ме?» тақырыбында пікірталас өткізді.

Г.Х. Жакупова мен А.Б. Манабаев адалдық, жауапкершілік, әділдік және зияткерлік еңбекке құрмет қағидаттарын таныстырды. Студенттер академиялық бұзушылықтардың себептерін, нақты білім мен жоғары бағаның арақатынасын және адалдықтың болашақ кәсіби қызметке әсерін талқылады.

Е.В. Саввин цифрлық құралдарды оқуға көмек ретінде пайдалану мен генерацияланған материалды өз жұмысы ретінде ұсынудың айырмашылығына назар аударды. Пікірталас академиялық адалдықты университет талабы ғана емес, тұлғалық және кәсіби құндылық ретінде түсінуге бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →