Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Демографиялық статистика бойынша қонақ дәрісі

Демографиялық статистика бойынша қонақ дәрісі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында экономикалық бағыттағы екі жылдық білім беру бағдарламасының МЕ2026 тобының 1-курс магистранттарына «Экономикалық статистика» пәні бойынша «Демографиялық статистика және оның экономикалық даму талдауындағы орны» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.

Дәріс барысында халық саны мен жас құрылымы, көші-қон, урбандалу және демографиялық жүктеме сияқты негізгі демографиялық көрсеткіштер қарастырылды. Қазақстандағы заманауи демографиялық үрдістерге, өңірлік айырмашылықтарға және олардың еңбек нарығына, экономикалық дамуға және әлеуметтік инфрақұрылымға әсеріне ерекше назар аударылды.

Практикалық бөлімде магистранттар демографиялық көрсеткіштерді талдап, оларды экономикалық талдау мен басқарушылық шешімдер қабылдауда қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Дәріс демографиялық статистиканың өңірлік жоспарлау мен мемлекеттік басқарудағы маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →