Esil University-де «Құқықтану» бағыты бойынша білім алатын студенттерге Республика күніне арналған «Менің Республикам — менің мақтанышым!» тақырыбында куратор жетекшілігімен сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер Республика күнінің тарихи маңызымен, Қазақстан тарихымен және мемлекеттік рәміздерімен танысты. Отанға құрметпен қарау және ел мұрасына ұқыпты қатынас қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
Бірыңғай білім беру-тәрбие бағдарламасы аясында «Адал азамат» тұжырымдамасы мен жалпыұлттық құндылықтар қарастырылды. Сабақ студенттердің патриоттық сезімін және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.

