Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Академиялық адалдық – сапалы білім берудің негізі

Академиялық адалдық – сапалы білім берудің негізі

Esil University «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы С. С. Тоқбай студенттермен «Академиялық адалдық – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында тәрбие жұмысын өткізді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру, оқу үдерісіндегі жауапкершілігін арттыру және этикалық нормаларды сақтауға баулу.

Іс-шара барысында академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары, оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау, плагиат пен көшіріп алуға жол бермеу, сондай-ақ оқу нәтижелерін бұрмалаудың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар университеттің Академиялық адалдық кодексін сақтау, зияткерлік меншікке құрметпен қарау және белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысында академиялық адалдықтың болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуындағы маңызы атап өтілді. Іс-шара студенттердің академиялық мәдениетін арттыруға, білім алуға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →