Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де академиялық адалдық туралы ашық дәріс өтті

Esil University-де академиялық адалдық туралы ашық дәріс өтті

З.М. Амишева Эк. 25/1 Қ және ӘЭ 25/1 топтарының білім алушыларына «Академиялық адалдық — сапалы білім мен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Дәріс барысында плагиаттың алдын алу, көшіруге жол бермеу, жеке жұмыстарды өз бетінше орындау және дереккөздерге дұрыс сілтеме жасау талаптары түсіндірілді. Жасанды интеллектіні жауапты пайдалану мәселесіне де назар аударылды.

Қатысушылар нақты жағдайларды талдап, академиялық адалдық қағидаттарын бұзудың салдары туралы пікір алмасты. Дәріс дербес жұмыс дағдыларын дамытуға, өз біліміне объективті баға беруге және жеке академиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →