Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де әлеуметтік қызметкерлерді даярлаудың заманауи әдістеріне арналған семинар өтті

Esil University-де әлеуметтік қызметкерлерді даярлаудың заманауи әдістеріне арналған семинар өтті

«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының апталығы аясында Esil University-де кәсіби тәжірибе алмасуға және әлеуметтік сала мамандарын даярлаудың заманауи тәсілдерін талқылауға бағытталған семинар өтті.

Семинардың негізгі тақырыбы – «Әлеуметтік қызметкерлерді денсаулық сақтау саласына даярлаудың заманауи әдістері» болды. Кафедра оқытушылары өзекті білім беру тәжірибелерін және оларды кәсіби даярлау үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

Қатысушылар виртуалды пациентті пайдалану арқылы оқытуға және Гезелл айнасы әдісіне ерекше назар аударды. Аталған әдістердің ерекшеліктері, практикалық маңызы және болашақ әлеуметтік қызметкерлерді даярлауда қолдану мүмкіндіктері талқыланды.

Семинар кәсіби диалог орнатуға, педагогикалық тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісін жетілдірудің жаңа тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →