Esil University акт залында Б-ЮРП 26/1Р тобының бірінші курс студенттеріне «Жазбаша және ғылыми жұмыстарды орындау кезінде академиялық адалдықты сақтау» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ кураторы, аға оқытушы К. Е. Рахимбеков жүргізді.
Кездесудің мақсаты студенттерді академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарымен және жазбаша, ғылыми жұмыстарды дайындау барысында оларды бұзудың салдарымен таныстыру болды. Кездесу барысында К. Е. Рахимбеков студенттік жұмыстардың түрлері мен ерекшеліктері туралы айтып, оларды жазу және рәсімдеу ережелерін түсіндірді.
Плагиатқа, заңсыз материал пайдалануға, көшіріп алуға және нәтижелерді бұрмалауға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, спикер буллингтің алдын алу мәселесін қозғап, университетке, оның қызметкерлеріне және бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

