Болашақ талапкерлерді тарту және жоғары білімнің маңыздылығын насихаттау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра отырып, Esil University Ақмола облысындағы кәсіптік бағдар беру іс-шараларының географиясын кеңейтуде.
2026 жылғы 18–19 қараша күндері университет өкілдері — кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Берік Өтелбайұлы Аханов және ғылыми кітапхана директоры Сайран Елубайқызы Мұстафина Ақмола облысы Степногорск қаласындағы білім беру ұйымдарында бірқатар кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді.
Екі күндік сапар аясында университет өкілдері төмендегі білім беру ұйымдарына барды:
- Ы. Алтынсарин атындағы № 1 жалпы білім беретін мектеп;
- А. Байтұрсынов атындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп;
- А. С. Пушкин атындағы № 3 көпбейінді мектеп-лицей;
- Л. Н. Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназия;
- С. Сейфуллин атындағы № 5 көпбейінді мектеп-лицей;
- А. Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназия;
- Ю. Гагарин атындағы № 7 жалпы білім беретін мектеп;
- Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы білім беретін мектеп;
- Қ. Сәтбаев атындағы № 9 жалпы білім беретін мектеп;
- № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
- Жоғары тау-кен индустриялық колледжі.
Кездесулер барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері Esil University, оның білім беру бағдарламалары, даярлау бағыттары және білім алудың артықшылықтары туралы толық ақпарат алды. Университет өкілдері оқуға қабылдау талаптары, қабылдау науқанының ерекшеліктері, сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері, сондай-ақ түлектердің кәсіби қалыптасуы мен мансаптық өсу перспективалары туралы жан-жақты баяндады.
Болашақ талапкерлермен тікелей қарым-қатынас жасауға ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар ұсынылған ақпаратқа қызығушылық танытып, білім беру бағдарламаларын таңдау, оқуға түсу тәртібі, студенттік өмір және университетті аяқтағаннан кейінгі мүмкіндіктер туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.
Мұндай кездесулер Esil University-дің кәсіптік бағдар беру қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Олар жастарға жоғары білім туралы нақты әрі сенімді ақпарат алуға, университет мүмкіндіктерімен танысуға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі.




