Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті

Esil University-де «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының оқытушылары М. А. Темирбулатова, Л. Т. Елеусиз және А. Г. Гиззатжанова «Туризм» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі персоналды іріктеу, қалыптастыру және дамыту» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды.

Дәріс спикері — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Туризм» білім беру бағдарламасының докторанты, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің сеньор-лекторы Айбек Жанабай болды.

Дәріс барысында қызметкерлерді іріктеу мен бейімдеудің заманауи тәсілдері, кәсіби команда қалыптастыру, персоналдың құзыреттерін дамыту және қонақ үй-мейрамхана саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қарастырылды. Жұмыс берушілердің жас мамандарға қоятын талаптарына, корпоративтік мәдениеттің рөліне және адами ресурстарды басқарудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, болашақ кәсіби дамуына пайдалы ұсыныстар алды. Мұндай кездесулер білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және туризм мен қонақжайлылық саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ықпал етеді.

Esil University-де «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →