Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні мен «Қаржы» кафедрасының онкүндігі аясында, сондай-ақ студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің музейіне экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияны PhD, доцент міндетін атқарушы О. В. Мисник және магистр, аға оқытушы А. Ж. Қойбағарова ұйымдастырды.
Музейге бару барысында студенттер ақша тарихымен танысып, ұлттық валюта – теңгенің даму кезеңдері туралы білді. Сонымен қатар сирек кездесетін банкноттарды, коллекциялық және инвестициялық монеталарды, сондай-ақ құнды тарихи жәдігерлерді тамашалады.
Экскурсия студенттердің Қазақстанның ақша жүйесі туралы білімдерін кеңейтуге және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған танымдық іс-шара болды.

-2.png&w=1080&q=75)