Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де академиялық адалдық пен студенттердің жауапкершілігі талқыланды

Esil University-де академиялық адалдық пен студенттердің жауапкершілігі талқыланды

Б-ИТиЗД-26 1Р тобының кураторы А. О. Жайлыбаева «Білім алушылардың академиялық адалдығы мен жауапкершілігі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кездесу барысында студенттер академиялық адалдықтың негізгі қағидаларымен, академиялық бұзушылық түрлерімен және олар үшін көзделген жауапкершілік шараларымен танысты. Плагиатқа, көшіріп алуға, тыйым салынған материалдарды пайдалануға және оқу тапсырмаларын орындау кезінде бөгде көмекті қолдануға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында куратор академиялық адалдық университет талабы ғана емес, сонымен қатар әрбір болашақ маманның жауапкершілігін, адалдығын және кәсіби мәдениетін көрсететін маңызды өлшем екенін атап өтті. Студенттерге белгіленген ережелерді сақтап, оқуына жауапкершілікпен қарау ұсынылды.

Esil University-де академиялық адалдық пен студенттердің жауапкершілігі талқыланды
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →