Esil University-де «Ақпараттық жүйелер» және «Ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау» білім беру бағдарламаларының 3 және 4-курс студенттеріне арналған «Студенттердің кибергигиенасы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Іс-шара білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Дәріс спикері ретінде «NEXGEN CYBERDEFENCE» ЖШС киберқауіпсіздік бөлімінің басшысы Джунусов С.К. сөз сөйледі. Іс-шараны ұйымдастырушылар – оқытушылар Акмолдина А.И. және Аманбайқызы З.
Дәріс барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, киберқауіптердің негізгі түрлері, дербес деректерді қорғау, интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, аккаунттарды сенімді қорғау және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл әдістері қарастырылды. Сонымен қатар студенттердің ықтимал киберқауіптерді анықтау дағдыларын дамытуға және заманауи ақпараттық технологияларды жауапкершілікпен пайдалануға ерекше назар аударылды.
Қонақ дәрісі студенттердің теориялық білімдерін кеңейтуге, киберқауіпсіздік саласындағы маманның практикалық тәжірибесімен танысуға және цифрлық кеңістіктегі заманауи сын-қатерлерді түсінуге мүмкіндік берді. Университет Джунусов С.К.-ға мазмұнды дәрісі үшін, сондай-ақ оқытушылар Акмолдина А.И. мен Аманбайқызы З.-ға іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.

-1.png&w=1080&q=75)
-1.png&w=1080&q=75)