Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де әлеуметтік психология пәні бойынша ашық сабақ өткізілді

Esil University-де әлеуметтік психология пәні бойынша ашық сабақ өткізілді

Оқу үдерісі аясында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Әлеуметтік психология» пәні бойынша «Топтың ықпалы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Іс-шараға студенттер мен кафедра оқытушылары қатысты. Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың теориялық білімдерін тереңдету, сыни ойлау қабілетін, аналитикалық дағдыларын және алған білімдерін тәжірибеде қолдану құзыреттерін дамыту.

Семинар барысында кейс-стади және SWOT-талдау әдістерін қамтитын интерактивті оқыту тәсілдері қолданылды. Сабақ топтық жұмыс форматында ұйымдастырылып, студенттердің өзара белсенді қарым-қатынасына, пікір алмасуына және практикалық тапсырмаларды бірлесіп орындауына ықпал етті.

Сабақ қорытындысы бойынша студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, қызығушылық танытты, ұсынылған тапсырмаларды сәтті орындап, топтық ықпал ету тетіктері туралы білімдерін бекітті.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →