Esil University-де «Статистика» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттеріне арналған «Бос уақытты өткізу мәдениеті» тақырыбында тәрбие іс-шарасы өтті.
Іс-шараны филология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы С. А. Рахимбекова ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты студенттердің бос уақытты тиімді ұйымдастыру, мәдениетті демалу және оның тұлғалық дамудағы маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында студенттер белгілі саяхатшылардың еңбектеріне арналған зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. Қатысушылар көрнекі презентациялық материалдар дайындап, қызықты деректермен бөлісті және бос уақытты дүниетанымды кеңейтуге пайдалы өткізу мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шара студенттердің зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын дамытуға, танымдық белсенділігін арттыруға және бос уақытты ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.


