Esil University-де «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәні бойынша «Бухгалтерлік есептің өзекті мәселелері: ақпаратты жинау және ұсыну» тақырыбында пікірталас форматында ашық сабақ өтті. Іс-шараны «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы И. Н. Михайлина өткізді.
Пікірталасқа Б-УиА 25/1Р және Б-УиА 26/23Р топтарының студенттері, сондай-ақ «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары Т. К. Бекжанова, М. К. Алиева, М. К. Успамбаева және Ж. К. Оралбекова қатысты. Сабақтың негізгі мақсаты есептік ақпаратты жинау, өңдеу және ұсынудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ оның дұрыстығы мен ашықтығын арттыру мәселелерін талқылау болды.
Талқылау барысында қатысушылар ұйымды басқарудағы бухгалтерлік ақпараттың маңызын, есептік деректерді өңдеудің негізгі мәселелерін және цифрландырудың бухгалтерлік есеп сапасына әсерін қарастырды. Достоверлы ақпаратты уақтылы ұсынуға, ішкі бақылауды жетілдіруге және бухгалтерлік есеп үдерістерінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Сабақ соңында И. Н. Михайлина студенттердің жоғары белсенділігі мен талқыланған мәселелерге қызығушылығын атап өтті. Пікірталас студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін, кәсіби құзыреттіліктерін және бухгалтерлік есептің өзекті мәселелерін дәлелді түрде талқылау дағдыларын дамытуға ықпал етті.

.png&w=1080&q=75)
.png&w=1080&q=75)