Esil University-дің Б-ӘЖ 26/1 тобының студенттері куратор Г. І. Жетпісәлімен бірге Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне барып, Күлтегін ескерткішімен және Жазу тарихы музейінің экспозициясымен танысты.
Экскурсия барысында қатысушылар көне түркі жазуының тарихы, түркі халықтарының мәдени мұрасы және Күлтегін ескерткішінің тарихи маңызы туралы мәлімет алды. Тарихи жадыны сақтау мен көне жазба ескерткіштерді зерттеуге ерекше назар аударылды.
Экскурсия студенттердің түркі әлемінің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейтіп, ұлттық мәдениеттің дамуындағы жазба мұраның маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара студенттердің тарихи-мәдени сауаттылығын арттыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге және ұлттық мұраға құрметпен қарауға бағытталды.

.png&w=1080&q=75)
.png&w=1080&q=75)