Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де Qazaqstan Investment Corporation-ның экономиканы қаржыландырудағы рөлі туралы қонақ дәріс өтті

Esil University-де Qazaqstan Investment Corporation-ның экономиканы қаржыландырудағы рөлі туралы қонақ дәріс өтті

Esil University-де «Қаржы» кафедрасының онкүндігі аясында «QIC (Qazaqstan Investment Corporation) ұйымының мемлекеттік бюджет құрылымындағы және экономиканы қаржыландырудағы рөлі» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Іс-шара экономика ғылымдарының докторы, «Қаржы» кафедрасының профессоры К. О. Шаяхметованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Шақырылған дәріскер, компания менеджері Е. Сағындықов студенттерге «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және «Tulpar» ЖШС қызметі, олардың Қазақстан экономикасын қаржыландырудағы рөлі туралы баяндады. Практикалық мысалдар мен кейстер негізінде инвестициялық қызметтің ерекшеліктері мен қаржыландыру тетіктері қарастырылды.

Дәріске «Қаржы» білім беру бағдарламасының Б-Фин 24/1Р және Б-Фин 26/22 топтарының студенттері, сондай-ақ «Қаржы» кафедрасының үшінші курс докторанттары А. Кушурова мен Т. Муслимова белсенді қатысты. Инвестициялық нарықтағы өзгерістерге, бәсекелестіктің дамуына және цифрландыру жағдайында қаржы мамандары үшін ашылатын жаңа кәсіби мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шақырылған маманмен инвестициялық нарықтың өзекті үрдістерін талқылады. Қонақ дәріс студенттердің кәсіби білімдерін кеңейтуге және теориялық дайындық пен қаржы саласындағы практикалық қызмет арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →