Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де құқық бұзушылықтар туралы профилактикалық әңгіме өтті

Іс-шараны Астана қаласы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы Сыздықов Абай Арыстанұлы және Астана қаласы «Байқоңыр» 23 УПП УПО СПО учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Оспан Руслан Сыдықұлы жүргізді..

Әңгіме барысында құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге құқық бұзушылықтардың түрлері, олардың ықтимал салдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ қоғамда құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Жастар арасында кең тараған қылмыс болып табылатын «тасалма» тақырыбы арнайы қозғалды.

Esil University-де құқық бұзушылықтар туралы профилактикалық әңгіме өттіEsil University-де құқық бұзушылықтар туралы профилактикалық әңгіме өттіEsil University-де құқық бұзушылықтар туралы профилактикалық әңгіме өттіEsil University-де құқық бұзушылықтар туралы профилактикалық әңгіме өттіEsil University-де құқық бұзушылықтар туралы профилактикалық әңгіме өтті

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және студенттерде өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Esil University құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты нығайту және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсатында осындай кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастырады.

← Жаңалықтарға