Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де интернет-алаяқтық пен дропперліктің алдын алу мәселелері талқыланды

Esil University-де интернет-алаяқтық пен дропперліктің алдын алу мәселелері талқыланды

«Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының тәрбие жұмысы аясында Б-АЖ 26/1-2 тобының бірінші курс студенттеріне «Интернет-алаяқтық пен дропперліктің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ кураторы Манара Ануаровна Сексембаева жүргізді.

Кездесудің мақсаты студенттердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және жастардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу болды. Қатысушылар интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлерін: фишингті, жалған сайттар мен интернет-дүкендерді, қаржы пирамидаларын, жалған табыс табу ұсыныстарын, сондай-ақ пайдаланушыларды алдау үшін жасанды интеллект пен дипфейктерді қолдану тәсілдерін қарастырды.

Дропперлік мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл — банк карталары мен шоттарын үшінші тұлғаларға беру немесе алаяқтардың нұсқауы бойынша ақша аудару арқылы азаматтарды заңсыз қаржылық операцияларға тарту. Студенттерге мұндай әрекеттердің ықтимал қауіптері мен құқықтық салдары түсіндіріліп, тез табыс табуға қатысты күмәнді ұсыныстарды қалай тануға болатыны айтылды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →