Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша воркшоп өтті

Esil University-де British Council-дің жаһандық әріптестікті дамыту бағдарламасын таратқызу аясында «Қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу» атты воркшоп өтті.

Семинардың мақсаты транснационалдық білім берудің принциптері туралы бірыңғай түсінік қалыптастыру, сондай-ақ қос дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге үйрету және шетелдік университеттермен әріптестікті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттармен қатысушыларды таныстыру болды.

Esil University-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша воркшоп өттіEsil University-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша воркшоп өттіEsil University-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша воркшоп өттіEsil University-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша воркшоп өттіEsil University-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша воркшоп өттіEsil University-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша воркшоп өтті

Воркшоп барысында қатысушылар қос дипломды білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін, олардың университеттер мен студенттер үшін маңызын, сондай-ақ шетелдік серіктестерді таңдау, оқу жоспарларын әзірлеу және академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Іс-шараның фасилитаторлары ретінде оқу үдерісін жоспарлау және мониторинг басқармасының бастығы Бағлан Жарлғасова және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Элмира Заданова шықты.

Воркшоп қорытындысы бойынша қатысушыларға оқу бағдарламасына қатысқандықтарын растайтын сертификаттар табысталды.

← Жаңалықтарға