Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де Counter-Strike 1.6 ойыны бойынша киберспорттық турнир өтті

Esil University-де Counter-Strike 1.6 ойыны бойынша киберспорттық турнир өтті

Esil University-дің «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасы «АЖжТ-мен бірге демаламыз және ойнаймыз» атты Counter-Strike 1.6 ойыны бойынша киберспорттық турнир ұйымдастырды.

Жарысқа Б-ЕТБҚЕ 26/22Қ, Б-Информатика 26/1, Б-ВТИПО 26/1Қ және Б-АЖ 24/23Қ топтарының студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Ойындар 5×5 командалық форматта, жеңілген команда жарыстан шығатын жүйе бойынша өткізілді.

Турнир барысында ережелерді сақтау, қарсыластарға құрмет көрсету және адал ойын қағидаттарын ұстану талаптары қатаң бақыланды. Ойыншыларға артықшылық беретін читтерді, скрипттерді, макростарды және басқа да бағдарламаларды қолдануға тыйым салынды. Ережелердің сақталуы мен ойын нәтижелерін төрешілер қадағалады.

Қатысушылар ойын шеберлігін, стратегиялық ойлау қабілетін, командалық ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Тартысты ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаз команда анықталып, бірінші орынға ие болды.

Турнирді ұйымдастырушылар: Н. Ә. Жолдасбеков, Е. М. Саурыков және А. О. Жайлыбаева

Esil University-де Counter-Strike 1.6 ойыны бойынша киберспорттық турнир өтті
Esil University-де Counter-Strike 1.6 ойыны бойынша киберспорттық турнир өтті
Esil University-де Counter-Strike 1.6 ойыны бойынша киберспорттық турнир өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →