Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері Ozim Platform білім беру платформасына барды

Esil University студенттері Ozim Platform білім беру платформасына барды

«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының апталығы аясында Esil University-дің Б-ӘЖ 23/1 Қ тобының студенттеріне Ozim Platform білім беру платформасында көшпелі дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараны университеттің аға оқытушысы Манабаев Әзіл Бауыржанұлы ұйымдастырып, студенттерге жетекшілік етті.

Кездесу барысында студенттер платформаның қызметімен, инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдерімен, ерте араласу құралдарымен және даму ерекшеліктері бар балаларды қолдаудың инновациялық технологияларымен танысты.

Әлеуметтік қолдау саласындағы заманауи шешімдерді тәжірибеде қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер мамандармен пікір алмасып, жаңа әзірлемелер туралы ақпарат алып, балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетудің тиімді әдістерімен танысуға мүмкіндік алды.

Көшпелі дәріс студенттердің кәсіби дүниетанымын кеңейтуге, тәжірибелік құзыреттіліктерін дамытуға және әлеуметтік жұмыстың заманауи бағыттары туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етті. Мұндай іс-шаралар теориялық білім мен кәсіби тәжірибе арасындағы байланысты нығайтады.

Esil University студенттері Ozim Platform білім беру платформасына барды
Esil University студенттері Ozim Platform білім беру платформасына барды
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →