Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған кураторлық сағат өтті

Esil University-де Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған кураторлық сағат өтті

Esil University-де «Бизнес және басқару» факультетінің «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Фин 23/1 Р, Қаржы 23/1 Қ және Б-Фин 24/23 Р топтарының студенттеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауына арналған кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында Жолдаудың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім беру сапасын арттыруға, жастарды қолдауға, цифрлық технологияларды дамытуға, заңдылықты нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі ережелері қарастырылды.

Куратор Есенгельдинова С.Ж. Мемлекет басшысы айқындаған негізгі міндеттерді студенттерге түсіндіріп, сапалы білім алудың, кәсіби дамудың, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттік бастамаларды жүзеге асырудағы жастардың рөліне ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, қызықтырған сұрақтарын қойды. Кураторлық сағат білім алушылардың мемлекеттік саясат туралы білімін кеңейтуге, аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға және Қазақстанның болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →