Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де Қазақстандағы инвестициялық бизнес туралы қонақ дәрісі өтті

Esil University-де Қазақстандағы инвестициялық бизнес туралы қонақ дәрісі өтті

Esil University-дің «Қаржы» кафедрасы «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған «Инвестициялық бизнес және оның Қазақстандағы дамуы» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды. Шақырылған спикер ретінде Gglobal Ventures инвестициялық компаниясының аға инвестициялық менеджері, экономика ғылымдарының магистрі Еркебұлан Амангелдіұлы Кияков қатысты.

Дәріс барысында инвестициялық жобаларға қойылатын негізгі талаптар, инвестициялық қорлардың мүмкіндіктері, тәуекелдерді басқару және оларды хеджирлеу мәселелері қарастырылды. Спикер нақты тәжірибелік мысалдар арқылы банктер мен инвестициялық қорлардың рөлін, қаржылық модельдеудің ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық нарығына қатысушылардың, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің, даму институттарының, KASE, AIX, венчурлік және жеке инвесторлардың қызмет ету тетіктерін түсіндірді.

Дәріскер экономиканың нақты секторына инвестиция салу саласындағы кәсіби тәжірибесіне ерекше назар аударды. Ол жасанды интеллект дамыған жағдайда адам факторының маңыздылығын, теориялық білімді меңгерудің, тәжірибелік дағдыларды қалыптастырудың және тағылымдамадан өтудің қажеттілігін атап өтті. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, инвестициялық жобаларды іске асыру және қорлардың қызметі туралы сұрақтар қойды.

Кездесу соңында Е.А. Кияков қаржыгер мамандығының беделі мен жауапкершілігін атап өтіп, студенттерге кәсіби табыс тіледі. Дәріс білім алушылардың тәжірибелік білімін кеңейтіп, инвестициялық бизнестің даму перспективаларын түсінуге мүмкіндік берді. «Қаржы» кафедрасы Е.А. Кияковқа ынтымақтастығы және студенттердің кәсіби даярлығына қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді.

Esil University-де Қазақстандағы инвестициялық бизнес туралы қонақ дәрісі өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →