Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының апталығы аяқталды

Esil University-де «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының апталығы аяқталды

Esil University акт залында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шараларға «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының оқытушылары жетекшілік ететін барлық топтардың студенттері қатысты. Апталық аясында шығармашылық байқаулар, командалық жарыстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсім барысында «Үздік құттықтау бейнеролигі» байқауы мен «Әлеуметтік із» командалық ойынының жеңімпаздары марапатталды. Марапаттарды Қолданбалы ғылымдар факультетінің деканы А. Қ. Дарибаева және «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының меңгерушісі Ж. А. Садыков табыстады. Командалық ойын барысында қатысушылар түрлі жағдайларды талдап, әлеуметтік көмек көрсету жолдарын ұсынды.

«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының жетекшісі А. Е. Әдебиетова Апталықты ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқан студенттер мен оқу топтарына алғыс хаттар табыстады.

Мерекелік іс-шара студенттердің концертімен аяқталды. 1–3 курс студенттері би және ән өнерлерін ұсынып, Қадыр Мырза Әлідің «Бақыт» өлеңін оқыды және «Үйім бар – отбасым жоқ» атты сахналық көрініс көрсетті. Концерт екінші курс студенттерінің хоры орындаған «Айналайын» әнімен қорытындыланды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →