Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда әйел денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелеріне арналған «Әйел денсаулығы – ашық әңгіме» республикалық форумы өтті. Іс-шараға «Экономика» және «Әлемдік экономика» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері куратор Г. К. Байбусиновамен бірге қатысты.
Форум әртүрлі жастағы қатысушыларды біріктіріп, әйел денсаулығына қатысты маңызды мәселелерді ашық талқылауға арналған алаңға айналды. Іс-шара барысында аурулардың алдын алу, тұрақты медициналық тексеруден өту, физикалық және психологиялық денсаулықты сақтау, сондай-ақ денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Форумға қатысу студенттердің денсаулықты сақтау мәселелері бойынша білімдерін кеңейтіп, өзекті ақпарат алуына және профилактикалық шаралардың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік берді. Мұндай ағартушылық іс-шаралар жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және өз өмірінің сапасына саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шара соңында қатысушыларға EVA компаниясының естелік сыйлықтары табысталды. Форумға қатысу студенттер үшін танымдық тәжірибе болып, әйел денсаулығы мәселелерін ашық талқылаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

-1.png&w=1080&q=75)
-1.png&w=1080&q=75)