Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Әлеуметтік жұмыс» секциялық отырысы өтті

Esil University-де «XXI ғасырдағы жастар мен ғылым: шындықтар мен болашақ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Әлеуметтік жұмыс» секциялық отырысы өтті.

Жұмыс барысында әлеуметтік жұмыс, психология және цифрландыру өзекті мәселелеріне арналған 12 баяндама ұсынылды. Әлеуметтік осалдық, психологиялық әл-ауқат, отбасылық құндылықтар және девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Esil University-де «Әлеуметтік жұмыс» секциялық отырысы өттіEsil University-де «Әлеуметтік жұмыс» секциялық отырысы өтті

Секция студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру алаңына айналды.

Конференция қорытындысы бойынша Рахатова Н. Б. және Абдираман А. М. студенткалары аға оқытушы Медетбекова А. А. ғылыми жетекшілігімен II орын иеленді.

← Жаңалықтарға