Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University мен Hilton Astana арасындағы ынтымақтастықты дамыту

Esil University мен Hilton Astana арасындағы ынтымақтастықты дамыту

Esil University мен Hilton Astana арасындағы әріптестік байланысты нығайту аясында экономика ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының доцент міндетін атқарушы А. М. Баяндинова Hilton Astana қонақүйіне жұмыс сапарымен барды.

Кездесу барысында тараптар «Туризм» білім беру бағдарламасы студенттерінің кәсіби даярлығын жетілдіру, қонақүй базасында өндірістік тәжірибеден өту, қонақжайлылық саласының мамандарымен тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру іс-шараларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша білім беру мен қонақжайлылық индустриясы арасындағы байланысты нығайтуға, теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыруға және студенттердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылды.

Esil University мен Hilton Astana арасындағы ынтымақтастықты дамыту
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →