«Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне «Киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ кураторы, «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы А.Н. Магзумбекова ұйымдастырды.
Кездесу барысында студенттер цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәселелерін, интернет-алаяқтықтың негізгі түрлерін, дербес деректерді қорғау тәсілдерін және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану ережелерін талқылады. Фишингке, алаяқтық қоңыраулар мен хабарламаларға қарсы іс-қимыл, құпиясөздерді қорғау және интернетте жеке ақпаратты жауапкершілікпен тарату мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кураторлық сағат студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және заманауи ақпараттық технологияларды жауапкершілікпен пайдалануға бағытталды.

.png&w=1080&q=75)