Esil University-дің «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасының студенттері Астана қаласының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелеріне арналған іс-шараға қатысты. Кездесуді Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды. Студенттердің қатысуын топ кураторы Г.О. Танысбаева үйлестірді.
Іс-шара барысында студенттер Басқарманың негізгі қызмет бағыттарымен, жастар саясатының өзекті мәселелерімен, жастарды мемлекеттік қолдау тетіктерімен, сондай-ақ қалада жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен бастамалармен танысты.
Іс-шараға қатысу студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтуге, мемлекеттік органдардың қызметі туралы практикалық түсінік қалыптастыруға және мемлекеттік басқару мен қаланың қоғамдық өміріне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

.png&w=1080&q=75)