Esil University студенттері мұзға өрмелеуден өткен Қазақстан Республикасының жастар мен жасөспірімдер чемпионатында және Астана қаласының чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Жарыстар 29 қазан мен 1 қараша аралығында Астана қаласында өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Скоропад Дарья «Қиындық» дисциплинасы бойынша Астана және Қазақстан чемпионаттарында 2-орын, Құралбай Аружан аталған дисциплина бойынша 3-орын иеленді. Хан Алина «Жылдамдық» дисциплинасы бойынша екі чемпионатта да 1-орынға ие болды. Есімхан Айбат Астана чемпионатында «Жылдамдық» дисциплинасы бойынша 1-орын, Қазақстан чемпионатында «Қиындық» дисциплинасы бойынша 3-орын алды.
Спортшыларды жарысқа «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Е.Д. Сабидолла дайындады. Студенттердің нәтижелері университеттің спорттық әлеуетін және білім алушылардың спорттық жетістіктерін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты көрсетеді.

.png&w=1080&q=75)