Esil University студенттері С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Агротехнопаркіне барды. Танымдық экскурсияны оқытушылар Г. Байбусинова мен Ж. Ақпанова ұйымдастырды.
Сапар барысында студенттер университеттің ғылыми әзірлемелерімен, коммерцияландырылған жобаларымен және стартаптарымен, заманауи агротехнологиялармен және олардың агроөнеркәсіптік кешенде қолданылуымен танысты. Сонымен қатар қатысушылар Австралия-Қазақстан молекулалық зертханасын, Органикалық агротехнологиялар инженерлік орталығын және АӨК техникасы орталығын аралап, жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер, зертханалық жабдықтар мен заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары туралы ақпарат алды.
Экскурсия студенттерге ғылыми әзірлемелердің тәжірибеде қолданылуымен танысуға, кәсіби танымын кеңейтуге және зерттеу мен стартап қызметіне қатысу мүмкіндіктерін білуге жол ашты.

.png&w=1080&q=75)
.png&w=1080&q=75)
.png&w=1080&q=75)