Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University оқытушысы MICE туризм панельдік сессиясына қатысты

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының PhD, доценті Жасұлан Садыков «НК Kazakh Tourism» АҚ ұйымдастырған ҚР-дағы MICE туризмінің панельдік сессиясына қатысты.

Панельдік сессия аясында ҚР-дағы MICE туризмін дамыту мәселелері және MICE туризмі елшілері бағдарламасы талқыланды. Сондай-ақ «Астана даму орталығы» ЖШС Қалмурзаева Д.Ш.-ның «Астана қаласындағы MICE туризмін дамыту» тақырыбындағы презентациялары ұсынылды.

Esil University оқытушысы MICE туризм панельдік сессиясына қатыстыEsil University оқытушысы MICE туризм панельдік сессиясына қатыстыEsil University оқытушысы MICE туризм панельдік сессиясына қатысты

MICE — бұл төрт негізгі іс-шара бағытын біріктіретін аббревиатура: Meetings – корпоративтік кездесулер мен іс-шаралар; Incentives – ынталандыру немесе мотивациялық турлар; Conferences – конференциялар, конгрестер, съездер, форумдар, семинарлар және т.б.; Exhibitions – көрмелер.

Алматы туризм бюросының MICE туризм департаментінің басшысы Айнура Тұрежанова «Алматы қаласында MICE туризмін дамыту» тақырыбында презентация ұсынды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының MICE туризм елшілерін тағайындау рәсімі өтті.

← Жаңалықтарға