2025 ж. 11 ақпанХабарландырулар
Әскери кафедраға түсу
Esil University-де 1-2 курс оқушылары үшін әскери кафедраға түсу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті.
Әскери кафедраға іріктеуге жіберіледі:

- Резервтік офицерлер бағдарламасы бойынша (1-курс студенттері) оқу мерзімі 2 жыл. Құны жылына 480 000 теңге.
- Сержанттар резервінің бағдарламасы бойынша (1-2 курс студенттері) оқу мерзімі 1 жыл. Құны жылына 300 000 теңге.
Іріктеу 4 кезеңді қамтиды: - Өтініш беру
- Кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу
- Дене дайындығын тексеру
- Рейтингтік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
Әскери кафедраға мынадай құжаттарды ұсыну қажет (209-210 кабинет):
- жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);
- 3×4 өлшемді 4 фотосурет;
- студенттің жоғары оқу орнында нақты оқып жатқаны туралы анықтама (университетте алынады);
- Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі №95 «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12055 нөмірімен тіркелген) сәйкес нысан бойынша соттылықтың бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама Egov арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығында алынады;
- спорттық жетістікті растайтын құжат (болған жағдайда) ХС, ХС үміткері (көшірмесі)
- жеке іс рәсімдеу үшін папка-скоросшиватель және екі файл.
Әскери кафедраға құжаттар тапсырудың соңғы мерзімі — 2025 жылдың 28 ақпаны.