Esil University-де «Қонақ үй шаруашылығы» пәні аясында «Идеядан бизнеске дейін: қоғамдық тамақтану кәсіпорнын құру және басқару» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Іс-шараны «Туризм» білім беру бағдарламасының қазақ және орыс бөлімдерінің 2-курс студенттеріне арналған оқытушылар Гиззатжанова А. Г. және Баяндинова А. М. ұйымдастырды. Дәріске Амангелді Е. М. оқытушысы да қатысты.
Қонақ спикер ретінде Астанада екі кофеханасы бар Sky Coffee желісінің құрылтайшысы әрі директоры Мукушева Әсемгүл Қуатқызы сөз сөйледі. Ол қоғамдық тамақтану саласында жеке бизнесті құру және дамыту тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерлік идеяны жүзеге асыру кезеңдері, кофехана жұмысын ұйымдастыру, персоналды басқару, қызмет көрсету сапасы және клиенттерді тарту туралы әңгімеледі.
Кездесу барысында жаңадан бастаған кәсіпкерлер кездесетін қиындықтарға, сондай-ақ сауатты жоспарлау, тиімді басқару және клиентке бағдарланған тәсілдің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Ашық диалог барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жеке кәсіп ашу мүмкіндіктерін талқылап, қонақжайлылық индустриясында табысты жұмыс істеуге қажетті кәсіби құзыреттер туралы білді.
Қонақ дәрісі студенттерге қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының практикалық жұмысымен танысып, теориялық білімдерін нақты кәсіби қызметте қолдану жолдарын көруге мүмкіндік берді. Кездесу соңында оқытушылар мен студенттер Мукушева Әсемгүл Қуатқызына мазмұнды баяндамасы, құнды кеңестері және кәсіпкерлік тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдірді.

-1.png&w=1080&q=75)
-1.png&w=1080&q=75)